1-сыныпқа құжат қабылдау басталды: ата-аналар нені білуі керек?

 Gov.kz
Фото: Gov.kz

Астанада  27 мамыр күні қала бойынша барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Құжаттар офлайн және онлайн форматта қабылданып жатыр. Онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр.

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 1-сыныпқа қабылдау  үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
    №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
    №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
    3×4 см өлшеміндегі 2 фотосурет.

Елордада құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Жалпы, Қазақстан өңірлері бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау кестесі мынадай:

  • 27 мамыр – 31 тамыз: Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы;
    10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы;
    18 маусым – 31 тамыз: Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы;
    29 маусым – 31 тамыз: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.

Еске сала кетейік, 2025-2026 оқу жылында 1-сыныпқа 370 мың оқушы қабылданса, соның 31 мыңы Астана қаласында тіркелген. 

Оқи отырыңыз