Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап ағылшын тілі оқытылмайды

1 қыркүйектен бастап ағылшын тілі оқытылмайды
Фото: El.kz 11.04.2023 11:34 11902

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ағылшын тілі пәні 2-сынып мектеп бағдарламасынан алынып тасталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ағарту министрлігінің тиісті бұйрығы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылды.

10-11 сыныптарда шет тілі бойынша сағат саны 1 сағатқа артады.

Сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары үшін «Көркем еңбек» пәні «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» болып екіге бөлінеді.

Осы уақытқа дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдері бірінші сыныптан бастап міндетті пәндер болып оқытылып келген.  

Айта кетейік, бұған дейін экс-министр Асхат Аймағамбетов енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгеріп, орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылатынын айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға