1 наурызда ауа райы қандай болады
![1 наурызда ауа райы қандай болады 1 наурызда ауа райы қандай болады](/storage/storage/element/2024/02/29/mainphoto/92125/1200xauto_CvZSjLiMWEBjY3hqhDMK3WUofdMSTk0zetxa4NcN.jpg)
Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
01.03.2024 06:13
1004
Қазгидромет 1 наурызда еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Армения Еуроодаққа қосылуды көздейді
Келесі жаңалық
Жамбыл өңірінде алғашқы ревматологиялық орталық ашылды