Жаңалықтар

1 маусымнан бастап алтын және күміс монеталар онлайн сатылымға шығады

1 маусымнан бастап алтын және күміс монеталар онлайн сатылымға шығады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 30.05.2023 22:19 424

1 маусымнан бастап интернет-дүкен арқылы алтын мен күмістен дайындалған коллекциялық монеталар сатып алуға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Белгілі болғандай, аумақтық филиалдарда келушілердің кезектік ретін ұйымдастыру үшін интернет-дүкенде келу күні мен уақытын белгілеу функциясы іске қосылған.

Сатылатын монеталар - BUǴY, AQQÝ, BÚRKIT, ÓMIR SHEJIRESI, KIIZ ÚI, JETI QAZYNA, Барыс жылы.

Аумақтық филиалға баратын күн мен уақытты белгілеуге берілген сілтемесі бар тапсырысты растау туралы хабарлама пайдаланушының электрондық пошта мекенжайына интернет-дүкенде монета сатып алғаннан кейін түседі.

Аумақтық филиалға баратын күн мен уақытты пайдаланушының жеке кабинетіндегі «Менің тапсырыстарым» бөлімінде рәсімделген тапсырыс карточкасында белгілеуге де болады. Тапсырысты аумақтық филиал растағаннан кейін тапсырыс карточкасында күн мен уақытты белгілеу батырмасы пайда болады. Коллекциялық монеталарды алып кету жолымен сату кезеңінде монета сатып алушыларға уақытылы беруді қамтамасыз ету үшін курьерлік жеткізу арқылы коллекциялық монеталарды сату уақытша тоқтатылады, - делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Сатып алынған монеталар пайдаланушыға тапсырысты растау формасы тексерілгеннен кейін, сондай-ақ жеке куәлігі болған кезде ҚҰБ аумақтық филиал кассаларында беріледі.

Тапсырысты растау формасын пайдаланушының жеке кабинетіндегі «Менің тапсырыстарым» бөлімінен жүктеуге болады.

Сонымен қатар алып кету арқылы сатылатын монеталарды тапсырыс берушінің өзі келіп алу керектігі туралы шарт бар.

Монеталар түрлі жеткізу қызметінің курьерлеріне, оның ішінде сатып алушының өтінішімен өзге адамға берілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға