Жаңалықтар

1 мамырдан бастап іске қосылатын жаңа ипотекалық бағдарлама дайын ба?

1 мамырдан бастап іске қосылатын жаңа ипотекалық бағдарлама дайын ба?
Фото: ©El.kz 23.04.2024 12:17 328

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз брифингінде «Отбасы банк» төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов жаңа ипотекалық бағдарламаларға қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін президент тапсырмасына сай 1 мамырдан бастап жаңа «Наурыз» бағдарламасы іске қосылатыны айтылды. Бұл жөнінде «Отбасы банк» төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтан El.kz ақпарат агенттінің тілшісі: «1 мамырдан бастап іске қосылатын ипотекалық бағдарламаға уақыт аз қалды. 1 мамырға дейін үлгересіздер ме?» деп сұрады.

Қазір тұрғын үй палтформасы бойынша төрт тұрғын үй бар. 25 сәуірде техникалық жұмыстар аяқталып, 1 мамырдан бастап іске қосылады, – деді Нұрлан Ақшанов.

Бұдан өзге ол бағдарлама қатысушыларына депозитті ашу мерзіміне ешқандай талап қойылмайтынын айтты.

Өтінім берген кезде депозит кем дегенде 1 млн теңге болуы тиіс. Соңғы 5 жылда тұрғын үй және тұрғын үйге байланысты операциялар болмауы қажет. Бағдарламаның шарттары халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сыйақы мөлшерлеме – жылдық 7 пайыз, ал басқа қатысушылар үшін жылдық 9 пайыз. Бастапқы жарна мөлшері 20 пайыз, қарыз мерзімі 19 жылға дейін. Өтінімдерді қабылдау «Отбасы банк» онлайн платформасында осы жылдың 1 мамырынан, келесі жылы 1 наурызда басталып, 24 маусымға дейін жалғасатын болады, – деді «Отбасы банк» төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар ол осы жылы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында кредиттік өтінімдер қабылдау жүзеге асырылатынын және 1 шілде мен 15 желтоқсан аралығында үй таңдалған соң несиелер берілетінін тілге тиек етті.

Бұдан бөлек «Отбасы банк» 1 наурыздан бастап «Отау» бағдарламасын іске қосқанын, несиенің максималды сомасы Астана және Алматы қалалары үшін 30 млн теңге, қалған өңірлер үшін 18 млн теңге екенін атап өтті.

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9 пайыз, ал бастапқы жарна 20 пайыз. Кредит мерзімі 19 жылға дейін. Жобаға ҚР азаматтары және қандастар қатыса алады. Ол үшін «Отбасы банкте» мерзімі кем дегенде 18 ай болған депозиті және депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы керек. Соңғы 5 жылда тұрын үй және тұрғын үйге байланысты операциялар болмауы керек. Соңғы алты айда ресми табысы болуы қажет. Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында тек жаңадан салынған тұрғын үйді алуға болады. Ал қалған өңірлерде екінші нарықтағы тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік бар, – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға