Жаңалықтар

1 мамырдан бастап Астанадағы әуежай түнде жұмыс істемейді

1 мамырдан бастап Астанадағы әуежай түнде жұмыс істемейді
Фото: © El.kz 16.03.2024 11:33 375

1 мамырдан бастап Астана әуежайы түнгі уақытта жұмыс істемейді. Оған ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуежайдың ресми желі парақшасындағы жазбаға сүйенсек, Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге өзгерістер енеді.

2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады. Осыған байланысты Астанадан немесе Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізілуде, - делінген хабарламада.

Осы ретте әуежайдағылар жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуе компаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуе компаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұрайды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға