Жаңалықтар

1 380 000 теңге  қайтарымсыз грант кімге беріледі?

1 380 000 теңге  қайтарымсыз грант кімге беріледі?
Фото: © Pixabay.com 15.05.2023 16:55 4650

Бүгін, 15 мамыр күні кәсіп бастауға арналған 1 380 000 теңге  қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдаудың 2-кезеңі басталады, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік грант жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі.

Грантқа кімдер қатыса алады?

Көп балалы тұлғалар (көп балалы жәрдемақы алушылар);

Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын адам және отбасы мүшесі;

Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар;

Мүгедектер;

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алатын адамдар;

Қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;

Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері.

Гранттар беруге өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі ақпан мен наурыз айында өтіп кеткен болатын.

Ал 2-ші легі: 15.05.2023 – 26.05.2023

3-ші легі: 10.07.2023 – 21.07.2023

4- легі: 04.09.2023 – 15.09.2023 арасында өтеді.

Грант алудың негізгі шарттары:

- Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату: тіркелген жұмыссыздар және жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін);

- Жоғарыда айтылған әлеуметтік санаттардың біріне жату;

- "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы;

Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға