Жаңалықтар

«Ұлы дала елінің қонақжай қасиеті» мәдени-көпшілік шарасы

«Ұлы дала елінің қонақжай қасиеті» мәдени-көпшілік шарасы
12.07.2018 05:58 2556

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын ілгерілету аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын, ҚХА-ның ХХVI сессиясының шешімдерін жүзеге асыру мақсатында  Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығы», Кеген ауданының әкімдігі ағымдағы жылдың 11 шілдесі күні, Кеген ауданы, Қарқара жайлауында «Қымызмұрындық» мерекесіне арналған «Ұлы дала елінің қонақжай қасиеті» мәдени-көпшілік шарасын өткізді.

Шараның мақсаты — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы,  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында Қазақстан халқының ортақ құндылықтарын қалыптастыру; этностардың арасында қазақ халқының  біртұтас ортақ құндылықтарын насихаттаудың негізі ретінде дәстүрін, мәдениетін, философиясын, өнері мен әдебиетін дәріптеу; ұмыт бола бастаған ұлттық спорт түрлерін жаңғырту; халықтық ән-күй арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру; ата кәсібіміз — мал бағудың, қымыз өндірудің қыр-сырымен таныстыру, ағзаға пайдасы мол ұлттық тағамдарды дәріптеу; мәдениетімізді, тіліміз бен дәстүрлерімізді өркендету, жастардың бойына қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру.

Қымызмұрындыққа ҚХА мүшелері, барлық аудан, қалалардың ішкі саясат бөлімдері, облыстық этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенділері, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің төрағалары мен төрайымдары, «Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, Кеген ауданының әкімдігі, облыстан әнші, күйші әртістер және БАҚ өкілдері қатысты.

Мереке өткен жерге 14 ақшаңқай қазақ үйлер тігіліп, қазақтың қолөнерінен көрмелер ұйымдастырылды. Ауылға кіре берісте ауыл азаматтары келген қонақтарға бие бау дәстүрін көрсетіп, бата берді. Сондай-ақ әр қазақ үйдің қасында көрме ұйымдастырылып, қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді.

Фестиваль аясында «Қымызмұрындық» номинациясы, «Ауыл шеберлері» көрмесі, (қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, арқан тартыс, асық ойыны, қол күресі, палуан күресі т.б) ұлттық спорттық ойындардан жарыс, Алтыбақан, ән-жыр алаңы секілді байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекеде Кеген ауданының әкімі Талғат Байәділов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық әзербайжан этномәдени орталығының төрағасы Асылы Осман, «Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаевтар құттықтау сөз сөйледі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға