Жаңалықтар

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
19.06.2018 10:10 2630

 

14 маусым күні Ұлытау жерінде бастау алған Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала Елі» экспедициясы 18  маусымда Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіне келді.

Экспедиция құрамы Бұқар жырау ауданындағы ұлы жырау ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жергілікті тұрғындарды жыраудың 350 жылдық меретойымен құттықтады.

Экспедицияның келесі маршруты «Батырлар аллеясы» болды. Қазақ батырларына құрмет көрсетіліп, аудан ақсақалдары мен экспедиция құрамындағы лекторлар батырларымыздың ерлігі жайында айтып берді. Еске алу акциясы аясында экспедиция мүшелері жалпы мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы рөлін және татулық пен келісімнің үлгісін кеңінен насихаттап, сөз барысында талқыға салды.

Бұдан әрі экспедиция алдын-ала жоспарланаған бағыты бойынша Қарқаралы ауданына жол тартты. Онда қазақ халқының ақыны, композитор, Мәди Бәпиұлының ескерткішіне тағзым етті. Лекторлар мен сарапшылар экспедицияның жас қатысушыларына Қарқаралы жерінде орналасқан Құнанбай қажы мешіті жайында әңгімелеп, қажының тұлғалық қасиеттері жөнінде кеңірек мағлұмат берді. Сонымен бірге Қарқаралы ауданындағы тарихи-мәдени мұраның келесі нысаны ұлы қазақ ойшылы, философ, ақын Абай Құнанбайұлы тоқтаған үйінде болды.

Экспедиция жетекшілері белгілі саяхатшы, этнограф, географ Потанин туралы мағлұмат беріп, ғалымның   тұрған үйіне кіріп шықты.

Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы-экспедицияның ғылыми-практикалық ұстанымының маңызды элементі. Онда жергілікті тұрғындармен кездесіп, өңірдегі тарихи ескерткіштер мен мұралар жайлы әңгімелесті.

21 маусым күні экспедиция Ақтоғай, Шет аудандарына жолға шығады.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға