Жаңалықтар

Құбылай хан

Құбылай (1215-1294 ж.ж.) – 1260 жылдан бастап Шыңғыс хан империясының 5-ші Ұлы ханы, Төленің ұлы, Шыңғыс ханның немересі. Қытайды билеген Юань династиясының негізін қалаушысы.
15.08.2014 12:29 25725

Құбылай (1215-1294 ж.ж.) – 1260 жылдан бастап Шыңғыс хан империясының  5-ші Ұлы ханы, Төленің ұлы, Шыңғыс ханның немересі.  Қытайды билеген Юань династиясының негізін қалаушысы. Құбылай хан

Шыңғыс хан империясының  4-ші Ұлы ханы Мөңке  Қытайды жаулап алу үшін Құбылайды әскермен жіберген еді. Құбылай  бүкіл Азияны жаулап алды. 1258 жылы Корея мен Вьетнамды жаулап алып, 1260 жылы Оңтүстік Қытайға шабуыл жасады. 1260 жылы Мөңке хан қайтыс болғаннан кейін, Құбылай таққа отырды. 1260 жылы империяның астанасын Қарақорымнан жүржендердің бұрынғы астанасы Жүндү жанындағы аймаққа көшірді. Бұл қаланы Ханбалық деп атады (Кейін атауы Бейжің деп өзгертілді).

Қытайдың көп бөлігін жаулап алған Құбылай, жаңа Юань династиясының негізін қалады. 1279 жылы оның әскері Сун империясының тас-талқанын шығарып, 1280 жылы Құбылай хан өзін император деп жариялады. Юань династиясы бүкіл Қытайға өз билігін жүргізді.

Құбылай үшін құрлықтағы жаулап алған жерлері аз болды. 1266 жылы хан  Жапонияға назар аударып, оны жаулап алуды мақсат етті.  Ол кәріс вассалы арқылы жапон билеушісіне оған бағыну жөнінде хат жіберді. Егерде жапондар бағынбаса, күш қолданатынын ескертті. Құбылай хан күткендей, жапондар бас тартты. Хан әскері жоррыққа әзірлене бастады.

Көшпенділер кемелерді өздері жасамады. Олар бұл іске Корея және тағы да басқа жаулап алған жерлердегі шеберлерді тартты. 900 кемені жасау үшін бірнеше жыл керек болды. 1274 жылдың 3 қазанында корейдің Масан портынан шыққан қызыл желкенді  кемелер, 19 қазанда Хата шығанағындағы Кюсю аралына келіп тоқтады, көшпенділер жапон жеріне аяқ басты. Бастапқыда Құбылай хан әскерлері жеңіске жетті.  Бірақ кейін жапондарға көмек келудің арқасында, 20 қазанда хан әскері кемелеріне дейін шегіне бастады. Құбылай сәтсіздікті мойындағысы келмеді. Бірақ оған ауа-райы кедергі болды. 21 қазанға қараған түні күшті дауыл соқты, осының кесірінен хан әскері теңізге шығуға мәжбүр болды.  Күшті жел 200 кеменің тас-талқанын шығарды. Әскери қимылдарды тоқтатып, флот Кореяға оралуға мәжбүр болды.

Жапонияны жаулап алу ойынан Құбылай хан бас тартпады. 1276 жылы ол Оңтүстік Қытайды жаулап алып, бүкіл елге билік жасай бастады. Ол кеме жасаудың үлкен ресурстарына ие болды. Хан тез уақытта Қытайда және Кореяда флоттың санын көбейту туралы жарлық берді.

Флотты күшейткен Құбылай хан 1281 жылдың көктемінде жорыққа аттанды.  142 теңізшісі бар 4400 кемелі флот Хакат шығанағына қайта келді.  Бірақ, осы жылы жапондықтар қорғанысқа жақсы дайындалды. Жапондар жағада ұзын тас қорғанын салды. Бұл қорған көшпенділердің атты әскері үшін үлкен кедергі болды. Бастапқыда хан әскері Хаката шығанағының солтүстік-батысындағы Ики аралын жаулап алды. Кейін кемелер оңтүстікке Такасима аралына аттанды.  Аралдың бүкіл халқын жойған хан әскері, жапондардың Хаката шығанағындағы негізгі әскерімен соғысуға дайындалды. Әскери күші басым Құбылай хан өз жеңісіне сенген еді. Бірақ бір ғажап оқиға орын алды. 1281 жылдың тамызында Кюсюде қатты дауыл соқты, кейін жапондар осы дауылды «камикадзе», яғни «құдай желі» деп атады. Бұл дауыл хан кемелерін қиратты. Желдің кесірінен бір-бірімен соқтығысқан кемелер суға батты. Тірі қалғандарды жапон әскерлері аямай өлтірді. Нәтижесінде ханның флоты талқандалды. Құбылай хан Жапонияны жаулап алу мақсатынан бас тартты.

1291 жылы Құбылай хан өз империясын 12 ауданға бөлді. Ханның есімі тарихта ұлы қолбасшы, реформатор ретінде қалды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға