Жаңалықтар

«Қазақ тілінің жаңа көкжиегі – латын әліпбиі» тақырыбында дәріс өтті

«Қазақ тілінің жаңа көкжиегі – латын әліпбиі» тақырыбында дәріс өтті
22.09.2018 09:44 1925

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

Латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтарды  қалыптастыруға бағытталған «Қазақтану» жобасын іске асыру мақсатында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы МО ӘА «Қоғамдық келісім»КММ-нің ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің жаңа көкжиегі – латын әліпбиі» тақырыбында дәріс өтті. Шараға колледж студентері мен мұғалімдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.  Аталмыш шара барысында Маңғыстау облысы бойынша  «Азамат дауысы» үкіметтік емес ұйымының директоры Ғалия Жалғасбай латын әліпбиі, оның халықтар арасында таралуы және қазіргі заманда оны пайдалану қажеттілігі туралы кең көлемде ақпарат берді. Сондай-ақ, қазақ алфавитін латындандыру жаңа білімді  игеруді анағұрлым жеңілдететінін әңгімесіне арқау етті. Қатысушы студенттер мен мұғалімдер тарапынан латын графикасы жөнінде сұрақтар қойылды. Шара соңында қатысушыларға ҚР Президентінің  латын графикасына көшу туралы Жарғысы мен қазақ тілі әліпбиі  жазылған брошюралар таратылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға