Жаңалықтар

«Қазақстан халқының рухани жаңғыруы» атты форум өтті

«Қазақстан халқының рухани жаңғыруы» атты форум өтті
11.04.2018 02:25 1825

 

11 сәуір күні Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының медициналық колледжінде Алматы облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқының  рухани жаңғыруы» атты облыстық фестиваль өтті.

«Нұр Отан» партиясының Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұмабек Чажабаев, Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, колледж оқытушылары мен білімгерлері және БАҚ өкілдері қатысқан шарада 11 этностың мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетіп, рухани жаңғыруға бағытталған көріністер қойылып, концерттік бағдарлама да болды.

«Нұр Отан» партиясының Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұмабек Чажабаев, Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов, Алматы облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Гриф Хайруллин, «Қазақстан-Корей» достық ұйымы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы Клара Хан, Алматы облыстық «Элефтерия» гректер бірлестігі ҚБ төрағасы Георгий Иорданиди, облыстық «Ахыска» түрік мәдени орталығы филиалының төрағасы Шахисмаил Асиевтер құттықтау сөз сөйлеп, фестивальдан алған әсерлерімен бөлісті.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға