Жаңалықтар

«Қайырлы кеш, Көкшетау»: Қаланың 195-жылдығына арнау

«Қайырлы кеш, Көкшетау»: Қаланың 195-жылдығына арнау
16.07.2019 12:17 5003

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кезекті рет достарын жинады. Осы жолы кездесуге себеп болған Көкшетаудың барша тұрғынына ортақ 195-жылдық мейрамы еді.

Концерттік бағдарлама қызықты да мазмұнды өтті. Көрермендерді Достық үйінің ұжымдарының орындауындағы билер мен әндер қуантты. Жас бишілер «Этно» ансамблі өз шеберлігін танытса, Эми Погосян және Мэри Додоян, Оразбай Айғаным, Татьяна Кулыгина мен Ольга Юрикова дуэті орындаған атамекен туралы әндерге ду қол шапалақ соғылып отырды.

Сондай-ақ қонақтарды Қазақстанның халық әртісі Бисара Мәкенованың өнері ерекше тамсандырды. Бағдарламаға сонымен қатар Райымбек Тілеубай, Роксана Ибрагимова, Венера Хан, Сабит Шагатовтар қатысты.

Сондай-ақ кеште сәндік қолданба өнерінің шебері Гүлнара Орынбаеваның бұйымдарының сатылым жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

DSC_0492.JPG

Ұйымдастырушылар осындай кездесулерді өткізу игі дәстүрге айналғанын атап өтуде. Әр сенбі сайын сағат 19:00-де Достық үйі алаңында «Қайырлы кеш, Көкшетау» сазды бағдарламасы тыңдаушыларын асыға күтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға