Жаңалықтар

«Ғалиябану» татар-башқұрт вокалдық ансамблі халықтық ұжым атағына ие болды

«Ғалиябану» татар-башқұрт вокалдық ансамблі халықтық ұжым атағына ие болды
19.03.2019 02:51 2739

«Ғалиябану» - Ақмола облысының татар-башқұрт вокалдық ансамблі 2018 жылдың желтоқсан айында халықтық ұжым атағына ие болып, осы арқылы халықаралық деңгейге шықты.

Шығармашылық ұжымның есептік концертіне Көкшетау қаласының Достық үйінде көптеген көрермендер жиналды.

Бұл күні ансамбльдің талантты солистері Сарвар Мубаракшина, Фарида Ханафиева, Хурия Фатхиева, Ануза Урманова, Гаухар Аминова, Рауза Багретдинова, Светлана және Альфия Ибрагимовалар өнер көрсетті. Көрермендер татар, қазақ, орыс тілдерінде халықтық және қазіргі заманғы әндерді қуана тыңдады.

Сонымен қатар, мерекелік шара қатысушыларына «Юлдуз» балалар би ұжымының,  Зоя Авилованың жетекшілік ететін «Русская песня» халық ансамблінің, Көкшетау қаласының «Ақбұлақ – Родник» ардагерлер хорының, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің көрсеткен өнерлері ұмытылмас әсер сыйлады.

Бұл күні шығармашылық ұжым мен хормейстер, баяншы Сәкен Қарбаевқа естелік сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді, ең бастысы  көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

«Ғалиябану» ұжымының дамуына айрықша үлес қосқаны үшін «Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рафаил Сулькарнаевтың атына алғыс сөздер айтылды.

«Ғалиябану» ұжымы республикалық сабантойларға белсене қатысып, татарлар тығыз орналасқан – Атбасар, Щучье, Степногор, Қызылту, Степняк, Имантау сынды  жерлерде концерттер өткізді. Ансамбль қалалық, облыстық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысқандары үшін түрлі дәрежедегі дипломдар, алғыс хаттармен марапатталды.

Өз шығармашылығы мен белсенді өмірлік ұстанымымен көркемөнерпаз әртістері татар және башқұрт тілдерін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға үлес қосып, өңірдегі бірлік пен келісімді нығайтуға ықпал етуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға