Жаңалықтар

Дженнифер Лопестің концертін көруге шетелден 15 мың турист келеді – продюсер

Дженнифер Лопестің концертін көруге шетелден 15 мың турист келеді – продюсер
Фото: instagram.com/jlo 08.04.2025 12:23 3032

Үкімет отырысында «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концерті туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 тамыз күні «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әншінің концерті өтпек. Хасеновтің айтуынша, бұл – Орталық Азияда толықтай коммерциялық негізде ұйымдастырылып отырған алғашқы ірі концерт.

Дженнифер Лопестің келуі — Астананың әлемдік гастрольдік картаға енуіндегі маңызды қадам болады, – деді ол.

Концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде.

Іс-шараның қала экономикасына әкелетін үлесі 6,5 млрд теңгені құраса, 400 млн теңгеден астам тікелей салық түсімі жоспарланып отыр — оның басым бөлігі (қонақүй, мейрамхана, тамақтану қызметтері) арқылы түседі.

Оқиғалық туризм – бұл жай ғана ойын-сауық емес, ол қуатты экономикалық құрал әрі инвестициялық магнит. Қазақстанда осы салада өңірлік көшбасшы болуға барлық мүмкіндік бар. Негізгі мақсат – Астананы Орталық Азиядағы оқиғалық туризмнің басты орталығына айналдыру, – деді Мәлік Хасенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға