Жылына 315 млн теңге: «Барыс» хоккейшілері жаңа маусымда қанша жалақы алады
Елорданың «Барыс» клубы әлі де ойыншыларды қатарына қосып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022/2023 жылдардағы маусым қорытындысы бойынша «Барыстан» 13 хоккейші кетсе, 18-і клубпен келісімшартты ұзартқан. Енді тағы 8 бос орын бар.
ҚХЛ-дағы трансферлік терезе 1 мамырда ашылды. Ал ойыншыларды қатарға қосу 28 желтоқсанға дейін жүреді.
Оқи отырыңыз:
«СЭ» тілшісі Артур Хайруллиннің мәліметінше, елорда клубындағы ең қымбат ойыншы - канадалық қақпашы Эдвард Паскуале. Ол жылына 315 млн теңге алады (712 мың доллар).
«Барыс» хоккейшілерінің 2023/2024 маусымдағы базалық жалақысы: (теңге/доллар):
Эдвард Паскуале (Канада) — 315 млн (+14 млн) / 712 мың (өткен маусыммен салыстырғанда +32 мың);
Алекс Гранд (Канада) — 281 млн (+63 млн) / 635 мың (+142 мың);
Майкл Шапю (Канада) — 203 млн (+77 млн) / 460 мың (+176 мың);
Джереми Бракко (АҚШ) — 174 млн (+53 млн) / 394 мың (+120 мың);
Давид Скленичка (Чехия) — 169 млн / 383 мың;
Нельсон Ножье (Канада) — 168 млн (+82 млн) / 381 мың (+185 мың);
Понтус Оберг (Швеция) — 164 млн / 372 мың;
Иван Мищенко (Ресей) — 145 млн (+48 млн) / 328 мың (+109 мың);
Роман Старченко (Қазақстан) — 91 млн (минус 24 млн) / 207 мың (минус 54 мың);
Әлихан Әсетов (Қазақстан) — 48 млн (+4 млн) / 109 мың (+10 мың);
Самат Данияр (Қазақстан) — 33 млн (+9 млн) / 76 мың (+21 мың);
Дмитрий Гурков (Қазақстан) — 29 млн (+9 млн) / 65 мың (+21 мың);
Аркадий Шестаков (Қазақстан) — 29 млн (-) / 65 мың (-);
Андрей Шутов (Қазақстан) — 19 млн (-) / 43 мың (-).