Жаңалықтар

Жыл сайын медицина сапасына қатысты 6 мыңға жуық арыз түседі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті
Жыл сайын медицина сапасына қатысты 6 мыңға жуық арыз түседі
Фото: gov.kz 26.08.2022 16:35 2168

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аймақтарға жұмыс сапары және халықпен кездесу, азаматтарды қабылдау және ведомствоға келіп түскен арыз-шағымдарды ескере отырып, медициналық көмек сапасының стандарттарын өрескел бұзатын бірқатар аймақтар мен медициналық ұйымдардың жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды El.kz

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, жыл сайын  медициналық көмек сапасына қатысты 5,6 мыңнан аса арыз тіркеледі. Биылғы бірінші жартыжылдықта осындай 2,8 мың арыз-шағым келіп түскен. Бұл ретте 30%-дан аса жағдайда фактілер  расталады.

Министр алқа отырысы ең көп  бұзушылықтар мен шағымдарға жол беретін өңірлер мен нақты  медицина ұйымдарын атады.

Комитетке келіп түскен орынды шағымдарды саралау нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы ахуал мәз емес, «ең нашар»   6 аймақ анықталды. Олардың қатарында Павлодар, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Алматы қаласы бар.

Сонымен қатар   министр Павлодар облысы №4 қалалық емхана, Одан кейінгі шағым көп түсетін аймақтар: Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасы, Алматы қаласындағы И.Жекенов атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасын, Маңғыстау облысындағы №1 және №2 қалалық емхана, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Салауатты Астана» ЖШС, «Шипагер» отбасылық денсаулық сақтау орталығы» және тағы да басқа медициналық ұйымдардың жұмысын қатаң сынға алды.

Министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді сақтамау фактілерін мысалға келтіре отырып, Түркістан облысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеудің 9 фактісі, Қызылорда облысында 3 фактісі анықталғанын жеткізді. Негізінен онкологиялық немесе жүрек-қан тамыр жүйесі ауырына ұшыраған, бүйрегі т.б. ауыратын науқастарға дәрі-дәрмек берілмей қалады.

Сонымен бірге, Ажар Ғиниятқызының айтуынша, аймақтарда  лицензиясыз және  сертификатсыз қызмет көрсету фактілері жиілеп кеткен. Мәселен, ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында аймақтарда лицензиясыз қызмет көрсетудің 706 фактісі анықталды: 536 факт 42 Медциналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымында және 170 факт 32 стационарда тіркелді. Мұндай жайттар көбінесе Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарында, Шымкент, Алматы қалаларында анықталған.

Сондай-ақ  ең көп сертификаты жоқ медицина қызметкері Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл облыстарынан, Алматы қаласынан анықталды. Оның үстіне, мұндай фактілер аккредиттелген медициналық ұйымдарды кездеседі. Бұл медициналық ұйым тарапынан аккредитацияға немқұрайлы қарым-қатынас бар екенін көрсетеді.

Сөзінің соңында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы халыққа медициналық көмек көрсету сапасын көтеруге ықпал етуші шараларды күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

«Өңірлер мен медициналық ұйымдар арасындағы медициналық көмектің сапасы бойынша мұндай рейтинг тоқсан сайын, жария түрде жүргізілетінін ескерткім келеді. Сондай-ақ мына мәліметтерджің бәрі аймақ әкімдерінің назарына ұсынылады», – деп қорытындылады Ажар Ғиният.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға