Журналистің көлігі өртенді: полицияға оқиғаға қатысты түсінік берді
11.05.2023 09:33
Фото:
ТЖД баспасөз қызметі
ҚР ІІМ журналист Виктор Сутягиннің көлігінің өртенуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жіберілген, жарылыс белгілері анықталмаған.
11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесіндегі үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрді. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері табылған жоқ, - делінген мәліметте.
Болған оқиғаның себеп-салдарлары анықталып жатыр. Полиция журналистің өтініші ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.
Бұған дейін журналист Виктор Сутягин түн жарымда көлігі жарылғанын айтқан болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

