Журналистерді қорғау туралы өтініш Президент назарында

 baq.kz
Фото: baq.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды»,- деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында.

Оқи отырыңыз