Көкшетауда 52 жастағы тұрғынның өліміне байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Рөлде отырған әйел де, оның күйеуі де жазадан қашып құтыла алмайды.
Көкшетау қаласында болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмысы жүріп жатыр. Полиция департаментінің хабарлауынша, бірінші рөлде отырған әйелге, екінші автокөлік иесіне қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында әйелдің көлік жүргізу құқы болмағаны анықталды.
Тергеу барысында күдіктінің көлік жүргізуге құқығы болмағаны анықталды. Ол арнайы жүргізуші курстарынан да өтпеген, – деп хабарлады полиция.
Кейіннен анықталғандай, жүргізушінің күйеуі тиісті куәлігі жоқ адамға көлікті тізгіндеуге рұқсат бергені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті әйелді үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.
Естеріңізде болса, оқиға 9 мамыр күні Көкшетаудағы Сарыарқа шағынауданындағы көпқабатты үйдің ауласында болады. Көліктегі адамдар әйелді тротуар маңында қағып, артынан басып-жаншып өтеді. Осы жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде тарап, халық дүрлікті. Оқиғаға куә болған тұрғындар аулаға кіріп-шығатын жолдың аздық ететінін айтып, қосымша іс-шара жүргізу керегін айтып дабыл қақты.
- алғаш рет – 30–50 АЕК
- қайталанса – айыппұл көлемі екі есеге дейін артады
- 60–100 АЕК айыппұл
- немесе 1 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру