Жаңалықтар

ЖСДП партиясының сайлауалды штабы ашылды

Бұл туралы штабтың баспасөз қызметі мәлімдеді
ЖСДП партиясының сайлауалды штабы ашылды
Фото: osdp.kz 18.02.2023 20:54 1847

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның сайлауалды штабының ашылуы және презентациясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Партия өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды, сонымен қатар Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша кандидаттарды таныстырды. Партия атынан 4 спикер: Рахимжанов А., Әуесбаев Н., Сагандыкова А. және Насибулов М. сөз сөйледі.

ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжанов партия 2013 жылдың наурызында қабылдаған бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Біздің бірқатар бастамамыз Қазақстанда сәтті енгізілді, оның ішінде жақында өткен жалпыхалықтық референдум барысында қазақстандықтар дауыс бергені де бар. Алайда біздің мемлекетіміздің дамуына қатысты экономикалық және әлеуметтік күн тәртібіндегі бірқатар жүйелі мәселелер ушығып барады. Сол себепті біздің партиямыздың «Еркіндік, Әділдік, Ынтымақ!» ұранының өзектілігі бүгінгі күні артып отыр», - деп белгіледі өз сөзінде партия төрағасы.

Партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары:

- саяси реформаларды жүзеге асыруды күшейту;

- азаматтардың материалдық жағдайын кейінгі мемлекеттік деолигархизациялау арқылы жүйелі жақсарту;

- баршаға қолжетімді әлеуметтік қорғау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға