Жолда трюк жасаған скутер жүргізушісі жауапқа тартылды
30.01.2024 04:55
Фото:
Шымкент қ. Полиция департаменті
Шымкентте жолда трюк жасаған жас жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан ірі сауда орталығы алдындағы автожолда скутер тізгіндеген жас жігітті байқауға болды. Мотокөлікті бір доңғалағын көтеріп, жылдамдықпен кері бұрылып басқарған жігіт видеоны өзінің парақшасында жариялаған.
Полицейлер көп ұзамай жүргізушіні анықтады. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы 3-бөлігімен хаттама түзілді. Жас жігіттің жол қозғалысы ережелерін бірінші рет бұзбағаны және бір жылдан аз уақыт бұрын осыған ұқсас жайт үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

