26 Наурыз 2022, 10:38

Жобамыздың алғашқы кейіпкері - боксшы Мұхит Амантаев

"Ел.кз" порталы 2022 жылдың әз-Наурызын жаңа жобамен бастамақ. "Чемпион MEN" деп атын қойдық. Мемлекеттің аты аталып, әнұраны шырқалып, биікте туын желбірейтін 2 жер бар. Бірі-білімде күш сынасқанда, екіншісі - спортта білек тірескенде. Қазақ елі жігерлі де, табанды спортшыларын әрқашан мақтан тұтады. Өскелең ұрпақ үлгі, өнеге тұтсын деген ниет. Жобамыздың алғашқы кейіпкері - боксшы  Мұхит Амантаев. Өзі де кезінде Майк Тайсон мен Бекзат Саттархановтарға еліктеп, үлкен спортқа келді. 16 жылдық тәжірибесінде көп жетістікке жетті. Бүгінде жас спортшыларды тәрбиелеп келеді.

Бөлісу: