Жаңалықтар

Жітіқарадағы 5 баланың өлімі: Облыс әкімі шұғыл жиын өткізді

Жітіқарадағы 5 баланың өлімі: Облыс әкімі шұғыл жиын өткізді
Фото: Қостанай облысы әкімдігі 12.10.2024 01:05 1233

Қостанай облысының әкімі бес баланың өмірін жалмаған Жітіқарадағы өртке байланысты жиналыс өткізді. Әкімдіктің мәліметінше, қара жамылған отбасыға барлық қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов дереу оқиға болған ауданға барып, жедел кеңес өткізді. Жауаптыларға  оқиғаның себептерін жан-жақты тексеруді тапсырды.

Аймақ басшысы қаралы отбасына көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті. Қазіргі уақытта бес бала қаза тапқан отбасы мүшелерімен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Өрт кезінде алты балалы отбасының ең үлкені - 2011 жылы туған жеткіншек аман қалды. Отбасы уақытша тұрғылықты жермен қамтамасыз етіліп, материалдық көмек көрсетілетін болады. 

Еске салсақ, 11 қазан күні таңғы сағат 04:29-да Жітіқарада жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір үйдің бес баласы қайтыс болды. Қайғылы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға