Жаңалықтар

Жетісуда заңсыз 100 келі балық аулаған ер адам ұсталды

Жетісуда заңсыз 100 келі балық аулаған ер адам ұсталды
Фото: © Polisia.kz 27.05.2023 21:15 532

Жетісу облысында ауыл тұрғынынан 100 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында «Нерест» ”профилактикалық іс-шарасының барысында ұсталған.

Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрлері мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылған.

Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 100 келі. Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. Келтірілген шығын 400 мың теңгеге жуық, - деді табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

ҚР ҚК-нің 335-бабына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға