Жетісуда көпқабатты үй құрылысы кезінде аса ірі мөлшерде ақша жымқырғандар сотталды
04.01.2024 23:38
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Жетісу облысы Талдықорған қаласында көпқабатты 2 тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырған кінәлі тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облыстық прокуратураның мәліметінше, қылмыстық істі тергеуді арнайы прокурорлар жүргізген.
Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласа отырып, 250 млн теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны анықталған.
Оқи отырыңыз:
- СҚО аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы 7 жылға сотталды
- Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ұсталды
Сот үкімімен айыпталушы үш тұлға, оның ішінде әкімдік қызметкер Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

