Жаңалықтар

Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті

Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті
Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті 22.06.2023 10:43 472

Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ескелді ауданындағы Ақын Сара ауылында болды.

21 маусымда ВАЗ-2114 автокөлігі аударылды. Оқиға кезінде жарақат алған 24-50 жас аралығындағы 4 ер адам ауруханаға жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үшеуі амбулаториялық емделуге жіберілді, - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ескелді аудандық полиция қызметкерлері көлік апатының мән-жайын анықтауда. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға