Жетісайда жүк көліктері соқтығысып, екі адам қыстырылып қалған
22.02.2024 20:00
Фото:
Түркістан облыстық ТЖД
Түркістан облысы Жетісай ауданында екі жүк көлігі соқтығысып, екі адам қыстырылып қалды. Оқиға бүгін, 22 ақпанда Алмалы ауылындағы Мақталы – Жетісай тас жол бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы құтқарушыларға куәгерлер хабарлаған.
Облыстық ТЖД мәліметінше, бір адамды "103" қызметкерлері шығарып, дереу ауруханаға алып кеткен. Ал екінші адамды құтқарушылар гидравликалық қайшының көмегімен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз:
- Қостанай облысында полицейлер жолда қалған 100-ден астам шетелдікке көмектесті
- Кәріз құдығына құлап кеткен алты жасар қыз құтқарылды
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

