Жаңалықтар

Жерге түкірген Мәжіліс депутатына айыппұл салынды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Жерге түкірген Мәжіліс депутатына айыппұл салынды
Фото: polisia.kz 29.11.2022 20:48 669

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров қазақстандық телеарналардың бірінің тікелей эфирінде сөйлеп тұрып, жерге түкіргені үшін 15 315 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Полиция департаменті видеоны зерттеді. Жалпы пайдалану орындарын ластау фактісі бойынша осы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

5 АЕК (1 АЕК – 3063 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген Павлодар облысының Полиция департаменті ұсынған мәліметте.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты телеарнаның тікелей эфиріне қосылып, Екібастұз қаласындағы апатқа қатысты жағдайды жеткізу кезінде жерге түкіріп жіберген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға