Жаңалықтар

Жер реформасы жөніндегі комиссия регламентті талқылап жатыр

Жер реформасы жөніндегі комиссия
19.05.2016 05:04 3154

Жиында ҚР бірінші вице-премьері Б.Сағынтаев төрағалық етіп отыр. Алғысөзінде Комиссия құрамына енген азаматтарға келісім беріп, күн тәртібіндегі мәселені талқылауға ниет танытқан азаматтарға алғыс білдіріп, бүгінгі жиынның регламентін талқыға салуды ұсынды.

Жер реформасы жөніндегі комиссия регламентті талқылап жатыр

«Бүгін арнайы құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның  бірінші отырысын өткізіп отырмыз. Ең бірінші кезекте біз осы Комиссияның бірінші отырысының регламентін талқылап бекітіп алғанымыз жөн. Жалпы, комиссияның құрамына 75 адам кіріп отыр. Осы Комиссияның жұмысының алдағы уақытта жемісті жұмыс істеуі үшін әрқайсыңыз өз ұсыныстарыңызды айтып, күн тәртібін белгілеп алайық», - деді Б.Сағынтаев.

Комиссия төрағасы кіріспе сөзінен кейін, Комиссия мүшелерінің арасынан З.Батталова, М.Шаханов, М.Тайжан, М.Жолдасбеков және басқа азаматтар өз пікірін білдірді. Сөзжарыстардың нәтижесінде қоғам қайраткері Айдос Сарым ең бірінші кезекте осы жиынның басты мақсатын айқындап алуды ұсынды. Ол 75 адамнан емес, нақты 15-20 адамнан құралған жұмыс тобын құрып, балама құжат дайындауды ұсынды.

Бұдан басқа, Бекболат Тілеухан әр тараптан түскен ұсыныстарды қорытындылай келе, алдағы уақытта бірлесіп, бірге жұмыс істеуге, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға шақырды.

Алмас САУДАНБАЙ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға