Жазғы универсиадада ел қоржынына алғашқы медаль түсті

Жазғы универсиадада ел қоржынына алғашқы медаль түсті

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан универсиадада қазақстандық спортшыларымыз алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Дзюдошы Жұбатқан Сұңғат жекпе-жек сайыста елімізге қола медаль әкелді. Бұл үлкен жетістік. Спортшымызды, барлық отандастарымызды жарқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Жасына қарамастан, Сұңғат қазіргі Олимпиада чемпиондарымен тең дәрежеде өнер көрсетті, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан хабарламада.

Түрлі сайыстар 8 тамызға дейін жалғасады.  

Оқи отырыңыз