Жаңалықтар

Жаттығу залындағы 7 қателік

Керек кеңес
Жаттығу залындағы 7 қателік
11.07.2017 12:29 5967

1. Жаттықтырушымен кеңеспеу

Жаттықтырушы қай уақытта қандай жаттығу жасау керектігін ескертіп, сол тәртіп бойынша жұмыс жасауды жүктейді. Физикалық күш-қуатыңызға, дене бітіміңіз бен нақты мақсатыңызға  қарай белгілі бір жаттығу кешенін жасап алғаныңыз абзал.

2. Денені аз қыздыру

Жаттығуға кіріспес бұрын 10-15 минут денені қыздырып алған жөн. Бұл  жарақатқа жол бермеу және бұлшықеттеріңізді дайындау үшін қажет.

3. Ауыртпалық

Жаттығу залына бас сұға сала, ауыр тастарға немесе зілтемірге тұра ұмтылмаңыз. Сол секілді тезірек нәтижеге қол жеткізем деп өзіңізге ауыртпалық салмағаныңыз жөн.

4. Бір бағдарламадан екіншіге "секіре" беру

Бір бағдарламадан секіріп, келесіге өте беру сізге жақсы нәтиже әкелмесі анық. Нақтыланған бір жоспар бойынша 2-3 ай қалыпты жұмыс жасаңыз. Әлбетте, оң нәтижеге жетесіз.

5. Бір жаттығумен үздіксіз айналысу

Денеңіз тезірек өзіңіз қалаған формаға жеткенін қалайтыныңыз рас. Яғни, ішіңізде төртбұрыш пайда болу үшін немесе бұлшықеттеріңіз бұлтылдап, денеңіз сымбатты көріну үшін жаттығудың бір түріне байланудың қажеті жоқ. Сіз өзіңіз қалаған нәтижеден алыстап қана қоймай, уақытыңызды жоғалтасыз.

6. Дұрыс тыныс алмау

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бірер сағатыңызды жаттығу залында өткізгеніңіз аздық етеді. Дұрыс тамақтану, ұйқының қалыпты болуы секілді залдан тыс  өміріңіздің маңызы зор.

7. Жаттығуға селсоқ қарау

Ең бастысы, сіздің ықыласыңыз! Шыдамсыздық танытып, күткен нәтижеңізге тезірек қол жеткізбедім деп жаттығуға ат үсті қарасаңыз, бәрі бекер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға