Жаңалықтар

«Жас өрен» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

«Жас өрен» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Фото: El.kz 13.12.2022 18:21 1311

Елордада «Жас өрен» республикалық конкурсының жеңімпаздардын салтанатты марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған бұл жоба осында отырған әрқайсыңыз үшін өте маңызды, ерекше. Өйткені, ол - балаларымызға жол ашатын, үлкен сахнаны қолжетімді ететін жоба. Мемлекет басшысы жариялған биылғы балалар жылында бұл жобаның басты мақсаты - балаларға арналған отандық шығармаларды дәріптеу, балалар әндері мен өлеңдерінің репертуарын толықтыру. Балалар композиторлары мен ақындардың шығармаларын балабақшалар мен мектептерде, музыка мекемелеріне тарату арқылы біз рухани құндылықтарымызды насихаттай аламыз. Осы байқаудағы шығармаларды еліміздегі барлық кітапханаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Отансүйгіш сезімді қалыптастыратын өнер туындылары арқылы ұлттық руханиятқа үлес қосқысы келетін отандық авторларды қолдаудың маңызы бәріміз үшін өте зор», - деді салтанатты шара барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова.

 

«Жас өрен» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды


Оның атап өтуінше, байқауға қатысушылар үшін жас ерекшелік пен біліктілікке шектеу қойылмаған.
Онлайн форматтағы платформада өткен байқауға мектеп оқушыларынан бастап, аға буын өкілдері де байқауға қатысқан.
Байқауға ұсынылған 204 шығарманың 133-і поэзия, 71-і ән жанрында болған.
Байқаудың қазылар алқасына еңбек сіңірген мәдениет пен өнер қайраткерлері, мемлекеттік ұйым өкілдері кірген.

«Жас өрен» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды


«Жас өрен» республикалық конкурсының жеңімпаздары:
Гран-при
Дехгани Эльмира Исаханқызы – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы хор дирижерлеу бөлімінің түлегі. «Тандау» компаниясында музыкалық продюсер, композитор (Алматы қаласы)
«Балаларға арналған ән» номинациясы
I-орын
Әбдінұров Әліби - Қазақ ұлттық өнер университеті композиция кафедрасының аға оқытушысы. Қазақстан жастар Одағының «Серпер» (2009), ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлықтарының лауреаты. Композитор, дирижер, музыкатанушы (Астана қаласы).
II орын
Рыспанбетов Самат Бақытжанұлы – Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледжге «Саксофоншы» мамандығы және Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірген.
Сазгерлікпен қатар, кәсіби түрде аранжировка жасаумен айналысады. «Нұр-Мұқасан» тобы құрған Style BR тобында өнер көрсеткен, 2013 жылдан бері жеке әнші ретінде жұмыс істеуде (Алматы қаласы).
Бекжан Қайратұлы - «Бақжұлдыз» медиа орталығының вокал бөлімінің ұстазы (Жетісу облысы, Талдықорған қаласы).
III орын
Есебаев Бауыржан Аралбекұлы – Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ Түрік Мемлекеттік университеті заң факультетінің түлегі. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ақын, сазгер, продюсер (Алматы облысы, Жамбыл ауданы).
Доспай Нұрислам Марленұлы - Қазақ ұлттық өнер университеті мектебі, 9-сынып. Класс – труба (Астана қаласы).
«Балалар поэзиясы» номинациясы
I орын
Байбұланова Жадыра – «Хабар24» арнасы бағдарламалар бөлімінің аға редакторы (Астана қаласы).
II орын
Хасанов Серікбол Тілепбергенұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Мұнара» газетінің бас редакторы (Астана қаласы).
Тілеубергенов Достық Жақсыбайұлы – 1984-1987 жылдары Шымкент қаласының Ә.Қастеев атындағы көркемсурет училищесінде оқып, аталған оқу орнының жолдамасы бойынша Жезқазған қаласындағы қуыршақ театрында 1995 жылдарға дейін еңбек еткен. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар ауылы).
III орын
Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы – ақын, жазушы, драматург, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, сыншы, сатирик, әдебиет пен өнер зертеушісі, аудармашы, балалар ақыны және балалар жазушысы, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. (Ақмола облысы)
III орын
Бердалы Нәзира – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Абай-ТВ» телеарнасында «Сарасөз» бағдарламасының жүргізушісі (Астана қаласы).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға