Жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіровке арналған турнир өз мәресіне жетті

Жақсылық Үшкемпіровке арналған турнир өз мәресіне жетті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 13.03.2024 21:07 815

Грек-рим күресінен даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3 күнге жалғасқан айтулы додада 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар белгілі болды.

Жарыс қорытындысы бойынша бейтарап елдің спортшылары 4 алтынмен жалпы есепте топ жарса, Әзербайжан — 3 алтын, Қазақстан 2 алтынмен үздік үштікті түйіндеді.

Қазақ күресінің аңызы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың турнирінің өткізілуіне атсалысқаныма өте қуаныштымын. Мен 2015 жылы Рио Олимпиадасының жолдамасы үлестірілген Азия құрлығының іріктеу турнирі, 2019 жылы әлем чемпионаты, 2021 жылы Токио Олимпиадасының құрлықтық жарысына келгенмін. Міне, осы жолы төртінші мәрте ат басын бұрдым. Уақыт өткен сайын Қазақстанның ұйымдастыру дәрежесі, камерамен жұмыс, төрешілердің деңгейі артып жатқанын байқадым. Қазақстанның бапкерлері де өз-өзін қалай ұстау керектігін анық көрсетті. Олар төрешілердің қалай бағалайтынын, неше ұпай беретінін т.б біліп отырды. Бұл да ұйымдастырушылар үшін өте үлкен көмек. Бұл турнир балуандар үшін алдағы ересектер жарысында үлкен көмегі тиеді деп сенемін, — деді UWW техникалық делегаты Сент Левен.

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, енді отандық жас балуандар алдағы сәуір айында Қазақстан чемпионатында бақ сынайды.  

Оқи отырыңыз: 

Олимп жолы: Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Парижге барады

XX қысқы Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы шахматтан қола жүлде жеңіп алды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға