Жаңалықтар

Жаның қалаған мамандықтың қиындығы болмайды – Жанар Рымхан

Жаның қалаған мамандықтың қиындығы болмайды – Жанар Рымхан
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 23.06.2023 13:00 3876

Бүгін – Қазақстан полициясы күні. Бүгінде ерлермен бірге иық тіресе ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланда 11 мыңнан аса әйел еңбек етіп жүр екен. Солардың бірі – Жанар Рымхан. Атаулы мерекеде  El.kz ақпарат агенттігі аз-кем сұхбаттасқан жөн көрді.

Жанар – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылының тумасы. Ресейдің Омск қаласында оқып, кейін оқуын Қарағандыдағы Орталық-Қазақстан академиясында жалғастырған. Қазіргі таңда Астана қаласында Тылмен қамтамасыз ету басқармасының әскери және арнайы жабдықтау бөлімінде қызмет атқарады.

Жаның қалаған мамандықтың қиындығы болмайды – Жанар Рымхан

Бастапқыда банк саласы бойынша білім алдым, кейін бұл салаға қызықпайтынымды түсіндім. Менің жұмысым, менің ортам полиция саласы екенін сезіндім. Сондықтан өзімнің өмірлік бағытымды осы жолға салдым. Туыстарымның, жақындарымның арасында осы сала төңірегінде қызмет атқаратындары бар. Дегенмен полиция қызметкері болып жұмысқа тұрғанымды ешкімге айтпадым және барлығына өз күшіммен жеттім деп айта аламын, - деді ол.

Жаның қалаған мамандықтың қиындығы болмайды – Жанар Рымхан

Жанар ішкі істер саласында 4 жылдан бері жүр. Тыл мамандарының негізгі қызметі полиция қызметкерлерін және әскери мамандарды нысандық киіммен және қару-жарақпен қамтамасыз ету. Соның ішінде Жанар күнделікті нысандық киіммен қамтамасыз ету бөлімінде жұмыс істейді.

Көбісінің ойынша, полиция қызметкері болсын, әскери қызмет болсын қыз балаларға, әйел адамдарға арналмаған сала ретінде көрінеді. Әйел адамдарға қиын болып көрінуі мүмкін. Дегенмен әр адам өзіне жүктелген ауырлықты әр қалай еңсереді ғой. Сондықтан мамандығын өз қалауымен таңдап келсе, ешқандай қиындыққа қарамастан соңына дейін барады деп ойлаймын, - дейді Жанар.

Сондықтан болашақта да өз балаларына қай саланың маманы болса да қарсы болмайтынын айтты.

Жаның қалаған мамандықтың қиындығы болмайды – Жанар Рымхан

2023 жылғы бокстан әлем чемпиондарымен

 

 «Мисс Қазақстан» байқауына үміткер

Жанар – сегіз қырлы, бір сырлы адам. Жұмыстан бөлек бос уақытында спортпен де айналысады, қобыз бен домбыра үйірмелеріне қатысады, ән айтады. Осы уақытқа дейін бірнеше республикалық сайыстарға қатысып, бақ сынаған. Солардың бірі – Мисс Астана байқауы. Елорданың сұлуларының ішінде байқаудың финалына дейін жетіп, үздіктердің қатарына кірген.

Жаның қалаған мамандықтың қиындығы болмайды – Жанар Рымхан©KIPYAT.com

Негізінде «Мисс Астана» байқауына бірнеше рет шақырту алдым. Бірінші рет 2021 жылы ұйымдастырушылар шақырту жіберген, бірақ, белгілі себептерге байланысты қатыса алмадым. 2022 жылы қайта шақырту жібергенде қабыл алып, қатысуға бел будым. Байқаудың соңғы мәресіне дейін жетіп, «Мисс Қазақстан» байқауына қатысуға үміткерлер тізіміне ену мүмкіндігі де туды. Дегенмен белгілі бір себептерге байланысты байқаудың шешуші кезеңінде өз еркіммен шығып кетуге мәжбүр болдым, - дейді.

Дегенмен бұл байқау Жанар үшін үлкен тәжірибе мен естелік болғанын да атап өтті.

Кумирім – Президент

Жанар өзінің болашағына деген нақты жоспарын айқындап алған жан. Осы жолда Мемлекет басшысынан үлгі алатынын да айтты:

Президентіміз нағыз үлгі аларлық тұлға деп білемін. Еліміз үшін маңызды шешімдерді қабылдап, өркендеп, дамуымыз үшін дұрыс бағытта келе жатыр. Бірнеше тіл меңгерген. Әрқашан ойын тұшымды жеткізіп, айқын көзқарасын білдіреді.

Ол алдағы уақытта полиция департаментіндегі қызметінен басқа салаға ауысайын деп жатқанын да айтып қалды.

Жаның қалаған мамандықтың қиындығы болмайды – Жанар Рымхан

Полиция күнін қалай атап өтеді?

Жылына бір рет келетін атаулы мерекеде қызметкерлердің көңілі көтеріліп, құттықтаулар айтып, бірге атап өтіп жатады. Дегенмен полиция саласының қызметкерлері бұл күні күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Мен жалпы мерекені отбасымның жанында атап өткенді құптаймын. Ал жалпы әр мерекеде полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Тіпті, ол біздің мереке болса да. Әрдайым қала тіршілігін бақылап отыру маңызды. Сондықтан тұрғындардың тыныштығын бірінші кезекте ойлаймыз, - дейді Жанар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға