13 Қыркүйек 2022, 19:10

«Жаныма дәстүрлі әндер жақын, болашақта осы өнерді таңдаймын!»

Елікай Сәменбек ,  жас дәстүрлі әнші,  № 2 Өнер мектебінің дәстүрлі ән бөлімінің  оқушысы. Бүгінге дейін  «Жас қанат жастар», «Ақжелең», «Аманат мюзик», «Алтын дауыс», «Шырқа, даусым!», «Айгөлек», «Қазақстан дауысы.Балалар»  сияқты 30-дан астам республикалық, халықаралық  ән байқауларына қатысып,  жүлдегер  атанған.   Сәуле Жанпейісова, Айгүл Қосанова, Майра Ілиясова, Зәуре Жәкешова сынды қазақтың ән өнерінде өзіндік өрнегі бар әнші апаларынан бата алған. Елікай   6 жасынан бастап домбыра шертіп,  дәстүрлі әнге ден қойды.   Оның арманы асқақ, мақсаты – қазақ ән өнерінің көгінде өз жұлдызын жағу! 

Бөлісу: