Жаңалықтар

Жанармай құю бекетінде болған жарылыстан 27 адам қаза тапты

Жанармай құю бекетінде болған жарылыстан 27 адам қаза тапты
Фото: ©РИА Новости/Абдула МАГОМЕДОВ 15.08.2023 11:00 655

Махачкаладағы жанармай құю бекетінде күшті жарылыс болып, салдарынан 27 адам қаза тапты, оның үшеуі балалар, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдің БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға салдарынан 75 адам зардап шеккен. Құрбан болғандар саны 27. Қаза тапқандар қатарында 3 сәби бар.

Дағыстан Республикасының басшысы Сергей Меликовтың айтуынша, жанармай құю бекетіндегі жарылыс жергілікті уақыт бойынша 21:40-та (Астана уақыты бойынша 00:40) болған.

Қазіргі таңда өрт ауыздықталды. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Махачкаладағы жарылыс фактісі бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-баптың 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға