Жаңалықтар

Жанар Дұғалова Қазан қаласында ел намысын қорғайды

Жанар Дұғалова Turkvision-2014 жарысына жолдама жеңіп алды
30.10.2014 10:38 10689

26 қазан күні Turkvizyon-2014 ән байқауына финалдық іріктеу сыңы өтті. Қазан қаласында өтетін Turkvizyon-2014 жарысында елімізді таныту мәртебесі үшін 16 әнші сайысқа түсті. Олардың ішінде Нұрболат Абдуллин, Мархаба Сабиева, «Алашұлы», «ТТ» топтары, Жанар Дұғалова, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов және т.б. болды.

Жеңімпазды смс дауыс беру және қазылар алқасының берген ұпайлары арқылы анықтады. Смс дауыстар әншілер шығып болғаннан кейін 1 сағат аралығында қабылданды. Сонымен қатар қазылар алқасының да пікірі маңызды. Олардың ішінде композитор Ринат Гайсин, жарыстың бас продюсері Лина Арифулина, әнші Алтынай Жорабаева, радиостацияның бағдарламалық директоры Тимур Сержанов болды. Жарыста ең көп ұпайға қол жекізгендер ішінде Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов, «Алашұлы» тобы, Дастан Оразбеков және «ТТ» тобы болды. Ал ең жоғарғы ұпай жинап, көрермендер дауысының 30 пайызын, Қазақстан атынан Turkvizyon-2014 байқауында Жанар Дұғалова ән шырқайтын болды.

Жанар бәйгеде «Ізін көрме» деген ән шырқайды. Жарысқа қатысудың басты шарты – орындалатын шығарма өзінің жеке әні болуы тиіс.

Жанар Дұғалова Қазан қаласында ел намысын қорғайды

Жанар Дұғалова қазақ тыңдарманына «KeshYou» тобының мүшесі ретінде танымал. 2014 жылдың маусым айынан бастап жеке әнші ретінде шыға бастады. Алғаш рет сахнаға шығуы 10 жасында болған. Сол кезден-ақ «қазақтың Мэрай Кэриі» атанған. Кейін «Жас Қанат» байқауының ең жас қатысушы атанған. Байқауға шыққан кездегі жасы небәрі 14-те болатын. Музыкалық білім алуды Павлодар қаласында бастап, Алматы қаласында жалғастырды. Өзінің айтуы бойынша, кішкентей кезінен бастап үлкен сахнаға шығуды армандаған. 2012 жылы іріктеуден өтіп, «KeshYou» тобына қабылданды. Қазіргі таңда қазақ эстрадасындағы танымал, әрі табысты әншілердің бірі. Сахнадан тыс Жанар ән, өлең жазғанды ұнатады. Өзінің айтуы бойынша жаны шығармашылыққа жақын. Оның негізгі ұстанымы – шынайы болу. Сондай-ақ Жанар әрдайым шығармашылық ізденісте. Себебі, оған жаңа нәрсені үйрену ұнайды. Осы қасиеті үшін Жанардың топта жұмыс істеуі оған қиыншылық әкеледі. 

Жанар Дұғалова Қазан қаласында ел намысын қорғайды

Жанар Дұғалова Қазан қаласында ел намысын қорғайды

Жанар Дұғалова Қазан қаласында ел намысын қорғайды

Жанар Дұғалова Қазан қаласында ел намысын қорғайды

Жанар Дұғалова Қазан қаласында ел намысын қорғайды

Жанар Дұғалова Қазан қаласында ел намысын қорғайды

Жанар Дұғалова Қазан қаласында ел намысын қорғайды

Айта кететін жайт, Türkvizyon ән байқауы осы жылы екінші рет өткізілгелі жатыр. Шараға 24 елдің әншілері қатысады деп жоспарланып отыр. Алдыңғы жылы Қазақсан атынан «Бірлігімен Алға!» атты әнмен «Ringo» тобы қатысқан еді. Сол кезде еліміз небәрі 9-шы орынды алған болатын. Осы жылы Жанар Дұғалова Қазақстанды жоғарғы орындарға жетелейді деп сенейік.

Суреттер: Жанар Дұғалованың Vk.com парақшасынан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға