Жаңалықтар

Жаңаөзендегі жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты

Жаңаөзендегі жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты
Фото: El.kz 17.06.2023 21:55 1298

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен-Кендірлі тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасынан 10 адам қаза тапқан. Оның бесеуі кәмелетке толмаған,  

Оқиға 16 маусым күні сағат 21:30 шамасында болған.

Осы оқиғаға байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы өңір тұрғындарына үндеу жасады.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, ескерткім келеді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – көліктің қарсы бағытқа шығып кетуі. Кешегі қорқынышты апатты талдай отырып, «Toyota» көлігінің ішінде 8 адам болғанын атап өткім келеді. Егер ережелер сақталып, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағып, сондай-ақ балаларға арналған орындықтар пайдаланылса, онда көлікке тек 4 адам ғана сыяды. Ал, апат болған жағдайда бұл құралдар адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін. Осы жол-көлік оқиғасындағы екінші көлік – «Duster» автокөлігінің жүргізушісі бір ай бұрын қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ескерту алып, айыппұл салынған. Осыған байланысты жол қозғалысы ережелерін сақтауды және өз өмірлеріңіз бен балаларыңыздың өміріне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын! – деді үндеуінде полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға