Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында қосымша вагондар жолға шығады

Қосымша вагондар 25 желтоқсаннан бастап сапарға шығады
Жаңа жыл қарсаңында қосымша вагондар жолға шығады
Фото: ҚТЖ 22.12.2022 19:33 1630

Жаңа жыл мерекесінде ел ішінде қатынайтын барлық бағыттағы пойыздарда қосымша вагондар іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазір пойыз кестесі бойынша талдау жүріп жатыр. Жаңа жылда қосымша пойыздарды іске қосу жоспарда жоқ. Дегенмен қосымша вагондар болады. Жолаушылар ағынына қарай пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі. Қосымша вагондар барлық бағыт бойынша қосылады», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында.

Бас директордың мәлімдеуінше, қосымша вагондар 25 желтоқсаннан бастап сапарға шығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға