Жаңалықтар

Жамбылдағы жарылысқа қатысты тың дерек шықты

Жамбылдағы жарылысқа қатысты тың дерек шықты
Фото: El.kz/Нұркен Алишев 04.08.2023 22:24 732

Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған жарылыста химиялық күйік шалған екі жұмысшының біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, зауытта итеруші болып жұмыс істейтін Данияр Ормановтың денесінің 22 пайызын күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр.

Ал цехтың шикізат дайындау жөніндегі жетекші инженері Шахадияр Қалдыбай 15 пайыз күйікпен жалпы бөлімге жатқызылған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

Жамбыл фосфор зауытындағы жарылыс фактісі бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бастапқы тергеу амалдары еңбек инспекциясымен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Екі жәбірленуші де ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысы бақылауда, – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға