Жаңалықтар

Жамбылдағы онкологиялық орталықта заманауи қондырғы орнатылды

Жамбылдағы онкологиялық орталықта заманауи қондырғы орнатылды
Фото: © El.kz 12.08.2023 03:30 456

Жамбыл облысындағы 200 орындық жаңа онкологиялық орталықта Elekta Versa HD деп аталатын заманауи қондырғы орнатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қондырғы ағзаның кез келген жерінде орналасқан ісікті анықтап, емдеуге мүмкіндік береді.

Медициналық нысан басқа да заманауи құрылғылармен жабдықталған. Оның ішінде компьютерлік томография, МРТ, цифрлық маммография, рентген аппараты және тағы басқалары бар.

Жамбылға іссапармен келген Әлихан Смайылов өңірде заманауи онкологиялық орталықтың ашылуы өте қажетті әрі дұрыс қадам болғанын айтты. Себебі медициналық орталық қатерлі ісікті ерте анықтап, уақытылы емдеуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысында 8,5 мың онкологиялық диспансерде онкологиялық аурумен есепте тұрады. Біздің онкологиялық орталық 90,4%-і медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ол үлкен дәрежеде көрсетілген. Орталығымызда 279 жұмыскер жұмыс істейді, 52 дәрігер оның ішіндегі 70%-і жоғары санаттағы саналады, - дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға