Жаңалықтар

Жамбыл ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Жамбыл ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі 24.02.2023 11:54 1112

Алматы облысында  ТЖД Жамбыл ауданы Қаншеңгел мен Айдарлы ауылдарының арасында қой айдау кезінд ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу құтқарушылар жіберілді.

Жоғалған азамат бүгін сағат 08.20-да Ашысу ауылынан оңтүстік-шығыс бағытта 10 шақырым жерден табылды. Медициналық көмек қажет емес еді.

Іздестіруге ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы және екі туысы жұмылдырылды.

Шопанның туыстары құтқарушыларға оны іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға