Жаңалықтар

Жаңа футбол маусымы

Елімізде жаңа футбол маусымы көктемнің бірінші күнінде «Астана» мен «Қайрат» арасындағы Қазақстанның Суперкубогы үшін бәсекемен басталлады.
16.02.2015 10:20 3193

Елімізде жаңа футбол маусымы көктемнің бірінші күнінде «Астана» мен «Қайрат» арасындағы Қазақстанның Суперкубогы үшін бәсекемен басталады.

Жаңа футбол маусымы

Қазақстан Кәсіби футбол лигасының төрағасы Олжас Абраев айтқандай, Қазақстан Футбол федерациясының атқарушы комитетіне бекітілу үшін жіберілетін 2015 жылдың маусымдық күнтізбесінің жобасында дәл осы уақыт көрсетілген.

Алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» арасында өтетін футболдан Қазақстан Суперкубогы Түркия елінде де көрсетілетін болды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Түркия ұлттық телерадиокомпаниясымен келіссөз жүргізіпті. Нәтижесінде аталмыш матчта TRT Avaz арнасы көрсетеді. Ал Суперкубок матчын Қазақстан аумағында «Хабар» агенттігі тарататынын айта кетейік.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстан Суперкубогын Ресей, Украина, Белорусь, Литва, Эстония, Молдова, Латвия елдері көрсететіні хабарланған болатын.

Ал, Қазақстан премьер-лигасынп келер болсақ, жаңа маусымын наурыздың 7-сен бастайды. Бұлтуралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Ел біріншілігіндегі алғашқы кесдесулер төмендегідей:

Астана – Оқжетпес;

Қайрат – Тобыл;

Қайсар – Жетісу;

Ордабасы – Ертіс;

Тараз – Шахтер;

Ақтөбе – Атырау;

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Елордалық «Астана» футбол клубы тарихында тұңғыш рет 2014 жылғы Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанды! Бұған дейін Астана клубы вице-чемпион атанған еді (2009 ж.). Сондай-ақ, Қазақстан кубогының да екі дүркін иегері (2010, 2012 жж.). Ендігі ретте «Астана» клубы 2015-2016 жылғы чемпиондар лигасының іріктеу сындарына қатысып, топтық кезеңге дейін жетуді көздейді. Станимир Стойлов «Астана» командасын тарихында тұңғыш рет чемпион атандырған маман, биыл да жанкүйерлер үлкен үміт күтеді.

Биылғы маусым өте қызықты болғалы тұр, өткен жылы ел кубогын жеңіп алған алматылық «Қайрат» команданың 60 жылдық мерейтойына орай жанкүйерлерін бір қуантты. Енді биыл ел біріншілігін жеңіп алуды мақсат тұтады. Ал, өткен жылы еш жүлдеге қол жеткізе алмаған «Ақтөбе» командасы биыл жылды жүлдемен аяқтау үшін барын салады.

Жаңа футбол маусымы

Ұлттық құрама

Қазақстан ұлттық құрамасына келер болсақ, 18 ақпан күні Астана уақытымен 22.00-де Молдовамен жолдастық кесдесу өткізеді. Юрий Красножан бастаған ұлттық құраманың бапкерлік штабы кеше Молдова мен Румыния арасындағы матчты соңына дейін көріп, Молдова командасымен сырттай танысып қайтты. 

Биыл 2016 жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы әлі 6 ойын өткізеді: 

28 наурыз – Қазақстан-Исландия;

12 маусым – Қазақстан-Түркия;

3 қыркүйек – Чехия-Қазақстан;

6 қыркүйек – Исландия-Қазақстан;

10 қазан – Исландия-Қазақстан;

13 қазан – Латвия-Қазақстан;


Әзірлеген: Досжан Мейірбек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға