Жаңалықтар

Жаңаөзенде инватакси жүре бастады

Жаңаөзенде инватакси жүре бастады
09.07.2022 03:02 1084

Жаңаөзен қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа инватакси пайдалануға берілді. Бұл қызметке қала мен оған іргелес елді мекендерде тұратын 500-ге жуық адам мұқтаж, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Инватакси көлігін қолданысқа беру «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының 91-93 тармақтары бойынша жүзеге асып отыр. Ол 2014 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тапсырысына сәйкес қызмет көрсетеді, - дейді Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаева. 

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес елді мекендерде 5000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 497-сі инватакси қызметін қажет етеді. Заманауи, соңғы үлгіде жабдықталған көлік мүгедектердің сұраныстарына орай, қала ішінде және қалааралық бағыттарда тасымалдау қызметтерін атқарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға