Жаңалықтар

Зебринни – зебра мен жылқының буданы

Зебра мен жылқы тұқымдасына жататын кез келген жануардың (жылқы, есек немесе пони) буданы зеброид деп аталады.
23.10.2015 07:01 12446

Зебра мен жылқы тұқымдасына жататын кез келген жануардың (жылқы, есек немесе пони) буданы зеброид деп аталады. Зеброидтарға: зедонк, зорс, зонк, зони, зебрул, зетланд және зебринни жатады. Олардың осылай әртүрлі аталуы аталық пен аналықтың қай түрге жататындығына да байланысты. Мысалы, зебринни – аналық зебра мен аталық жылқының буданы. Оныңғ екінші аты – зебрет. Сыртқы түрі бойынша ол жылқыға ұқсайды, алайда оның зебранікі секілді жолақтары бар.

Зебринни – зебра мен жылқының буданы

Жылқының 300 аса тұқымы және зебраның 3 түрі бар, сол себепті зебриннидің түрі әралуан болуы мүмкін.

Зебриннилер өздеріне қарама-қарсы гибрид – зебрулға (анасы – жылқы, әкесі – зебра) қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі.

Зебриннидің сыртқы түрі

Жолақтар бүкіл денесінде немесе жекелеген бөліктерінде болуы мүмкін. Олардың жүндері қысқа және қатқыл келеді. Түстері қара мен қоңырдың ортасында. Ең қара жері – құйрығы мен жалы.

Зебриннилердің бастары – ірі, жақтары шығыңқы, көздері үлкен, кірпіктері ұзын (көзді түрлі қоқыстан қорғау үшін), құлақтары тік, аяқтары сымбатты, тұяқтары қара түсті (кейбір сирек жағдайларда ақшыл) келеді. Бұл жануар қараңғыдан өте жақсы көреді

Теріс қасиеттері

Зебринни зебрадан табиғи қасиеттер алған: қырсық, үйретуге және басқаруға келмейді. Осы себепті жануарлармен айналысатындардың көбі буданның бұл түрінен бас тартып, қарапайым жылқыға артықшылық береді.

Зебреттер көптеген будандар секілді өздігінен көбейе алмайды. Олардың популяциясын сақтау үшін ылғи зебра мен жылқыларды ұстау керек және бұл оларды көбейту процесін қиындата түседі.

Оң қасиеттері

Зебринниді қолға үйрету қиын болғанымен, жануардың бұл түрін бағалаушылар өте көп, тіпті осы буданмен айналысатын халықаралық ассоциация да бар.

Сондай-ақ, зебриннилер жылқы мен зебраға тән көптеген ауруларға төзімді келеді. Кейбір сирек жағдайда зебреттер жылқыдан жирен түсті алады және оларды «алтын зебралар» деп атайды.

Зебретталардың саны күннен күнге өсіп келеді. Бұл олардың жылқыға қарағанда шыдамды болуымен, зебраға қарағанда жуастылығымен байланысты. Осы себепті оларды көбіне жүк артатын жануар ретінде қолданады. Олар жылқыға қарағанда ұзақтау қашықтыққа жүре алады.

Өзге де ерекшеліктері

Зебриннилердің буаздылығы 11 айға созылады. Әдетте шаранасында жалғыз баласы болады. Өзге тұяқтылар секілді, зебреттердің балалары туа сала аяғына тұрады. Бірнеше сағаттан кейін ол анасының артынан жүре алады.

Зебринни құлынының дене бітімі кішкентай болғанымен, аяқтары ұзын, сол себепті олардың бойлары ересектеріне жақын. Зебреттердің өмір сүру ұзақтығы 15-30 жылды құрайды. 

Зебринни – зебра мен жылқының буданы

Зебринни – зебра мен жылқының буданы

Зебринни – зебра мен жылқының буданы

Зебринни – зебра мен жылқының буданы

Зебринни – зебра мен жылқының буданы


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға