Жаңалықтар

Қызылордада жол апатынан бес адам қаза болды

Жол апаты бүгін түнгі сағат үш шамасында Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылы тұсындағы «Самара-Шымкент» автожолының бойында болған.
Қызылордада жол апатынан бес адам қаза болды
Фото: egemen.kz 27.07.2022 02:18 2328

«Самара-Шымкент» трассасында жол апатынан 5 адам қаза болды, оның арасында 2 бала бар, деп хабарлайды  El.kz.

Жол апаты бүгін түнгі сағат үш шамасында Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылы тұсындағы «Самара-Шымкент» автожолының бойында болған.

– Оқиға орнында 27 жастағы азаматтың басқаруындағы «Toyota Camry» және 42 жастағы азаматтың басқаруындағы «Daewoo-Nexia» жеңіл автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан екі жүргізуші, «Daewoo-Nexia» көлігіндегі Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын 42 жастағы жолаушы, 6, 10 жастағы екі бала көз жұмды, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті, «Жосалы» күрежол медициналық бекеті, жедел жәрдем бригадасы, аудандық полиция бөлімінен келген мамандар тиісті жұмыстар атқарған.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен​ (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі​ немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға