Жаңалықтар

Қызылордада 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Оқиға 25 шілдеде сағат 16:24 шамасында болған.
Қызылордада 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Фото: kazaknews.kz 26.07.2022 06:21 1919

Қызылорданың қалалық жағажайында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz.

Оқиға 25 шілдеде сағат 16:24 шамасында болған. 

Қалалық жағажайда суға түсіп жүрген жасөспірім суға батып кеткен. 

– Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті. Онда жағажайда суға жүзіп жүрген баланың суға кеткені анықталды. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техника мен 6 құтқарушы барды. Жасақ қызметкерлері жасөспірімді батқан жерінен тапты. Баланың қаладағы мектептің бірінде тоғызыншы сынып бітіргені анықталды, - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. 

Айта кетсек, биыл Қызылорда облысында 23 адам суға кетіп қаза болды. Оның 8-і бала. 2021 жылы облыстың су айдындарында 37 адам көз жұмса, 21-і кәмелеттік жасқа толмағандар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға