Жаңалықтар

Қызылордада қос қызғалдақ ізтүссіз жоғалып кетті

Фото: halyq-uni.kz
Қызылордада қос қызғалдақ ізтүссіз жоғалып кетті
03.06.2022 10:14 2099

Қызылордада саябаққа кеткен екі жасөспірім табылмай жатыр,- деп хабарлады El.kz ақпараттық сайты «Halyq uni» порталына сілтеме жасап.

1 маусым күні 14 және 16 жастағы Раушан Меңлібай мен Нарғыз Жұбандық саябаққа серуендеуге кеткен, кейін қайтып оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242) 29-75-20 теелфонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп жазылған полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға