Жаңалықтар

Ядролық медицина және онкология орталығының қызметі бақылауға алынды

Ядролық медицина және онкология орталығының қызметі бақылауға алынды
Фото: gov.kz 02.08.2023 07:26 834

Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ МКК қызметкерлерінің өтінішіне қатысты жағдай өңір әкімінің бақылауына алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау басқармасына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков орталықта қалыптасқан жағдаймен танысу, сондай-ақ ведомствоаралық мониторингтік жұмыс тобының міндетін түсіндіру үшін ұжыммен кездесіп, қызметкерлерді толғандырған сұрақтарға тиісті жауап берді.

Айта кетсек, орталық ұжымы ішіндегі қалыптасқан жағдайды және осы кәсіпорынның қызметін жан-жақты және объективті зерделеу мақсатында облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес ведомствоаралық мониторингтік жұмыс тобы құрылды, оның құрамына уәкілетті салалық мемлекеттік органдар кірді.

Осы мониторингтік топтың міндеті – жағдайды алдын ала зерделеу, сондай-ақ жүргізген арнайы бақылау жұмыстарының қорытындысы нәтижесінде қадағалау және уәкілетті мемлекеттік органдардың салалық тексерулер жүргізу жөнінде тиісті ұсыныстар береді. 

Сонымен қатар, барлық тексеру іс-шараларының қорытындысы қолданыстағы заңнама аясында тексеру жүргізу және процессуалдық шараларды қабылдау үшін тиісті органдарға жолданатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға